Алматыда сутенерлікпен айналысқан топ ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Алматыда сауналар мен қонақ үйлерге жеңіл жүрісті қыздарды шақырып, өз қызметіне ақша алып отырған «жеңгетайлар» ұсталды, деп жазады ЭК.

Қылмыстық топтың басшысы — 32 жастағы ер адам жезөкшелердің тапсырыстарын рәсімдеп отырған. Ол өз қызметі үшін әр тапсырыстан 10 мың теңге алып отырған.

Топтың тағы бір мүшесі — қаладағы монша кешендерінің бірінде әкімші болып жұмыс істеген 30 жастағы әйел адам. Ол тапсырыспен моншаға келген әр жезөкшеден 12 мың теңге көлемінде "сыйақы" алған.

Жеңіл жүрісті қыздарға келетін болсақ, олар сыбайластарына берген сыйақыдан қалған 18 мың теңгені місе тұтыпты.

Екі жеңгетайдың іс-әрекеті ҚР ҚК 309 бабы 2 бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бағаланып, дәлелдемелер іс-құжаттарымен толықтырылды,

деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ, қылмыстық топ құрамында қыздарды тапсырыс берушілерге апарған такси жүргізушісе де болған.

Топ басшысы қамауға алынса, қалған мүшелеріне бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі қаралып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров