Солтүстікте 40 жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Шығын көлемі 15 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды ЭК.

Жылқылардың ұрланғаны туралы арыз полицияға өткен жылдың соңында түскен. СҚО Уәлиханов ауданының тұрғыны үйірдегі жылқысын өз бетімен іздегенімен таппаған соң, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің іздеуі нәтижесінде көршілес Ақмола облысының Зеренді ауданынан екі жылқы табылды. Іздеу барысында екі облыстан құралған қылмыстық топтың 5 мүшесі анықталған. Олар өзі бағып жүрген жылқыларды көрші облыстағы сыбайластарына асырып отырған екен. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ұйымдасқан ұрылардың басқада мүшелері анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров