Ақтөбе облысында 2185 бала бірде-бір рет екпе алмаған

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ата-аналардың басым бөлігі діни көзқарасы бойынша баласына екпе салдырудан бас тартқан, деп хабарлайды ЭК.

Облыста вакцинадан бас тартқан ата-аналардың қатары азаяр емес. Өткен жылмен салыстырғанда егілмеген балалардың саны 131-ге өскен. Бүгінгі күні өңірде 3079 бала салынуға тиіс екпелерді толық алмаған. Оның 2185-і туғаннан бастап бірде бір рет егілмеген.

"Ата-аналардың басым бөлігі діни көзқарасы бойынша екпеден бас тартып отыр. Сондай-ақ, интернеттегі жалған ақпаратқа сеніп, ектірмейтіндер де бар. Ақтөбе қаласы мен Темір, Мұғалжар аудандарында екпе алмаған бала көп. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатсақ та вакцинадан бас тартушылар азар емес", — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Куштаева.

Өңірде вакцина салдырмау салдарынан түрлі инфекцияға бірден ілігетін балалар саны өсіп барады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров