Солтүстікте бес әкім жауапқа тартылып, тағы екеуі қызметінен кетті

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығына жол берген басшылар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жөнінде Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылып, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысып жатыр" — деп жазды Берік Уәли.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров