Маңғыстаудың малшыларына көмек керек

Экспресс К

Pixabay

Белгілі қоғам белсендісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек фейсбукта осылай жазды, деп хабарлайды ЭК.

Ол жазбасында Маңғыстау облысында қуаңшылықтан төрт түліктің жұт алдында тұрғанын көзімен көргенін айтып, Оңтүстік халқын асарлатуға шақырды.

Қоғам белсендісі осыған дейін Оңтүстіктегі төтенше жағдайларда қол қусырып қарап қалмаған батыс жұртының жомарттығын еске салып, Маңғыстауға жем және шөппен, мал азығымен жылу жөнелтуге шақырды.

Жазбасына дәлел ретінде "Тик-ток" әлеуметтік желісінде күй талғамайтын түйелердің картон жеп жатқан видеосын ұсынған.

Айгүл Орынбек оңтүстік халқына арнаған жазбасын "бір қап шөп пен бір қап жемнен жинап, көлдей көмек жіберейік" деп аяқтаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров