Елімізде сүт фермалары көбейеді

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

2025 жылға дейін Қостанай облысында 14 сүт фермасы іске қосылады, деп жазады ЭК

Осы жылдың соңына дейін 3 сүт өнімдері фермасы іске қосылса, 2025 жылға дейін олардың саны 14-ке жетеді.

"Фермаларды ішкі нарықты сүт өнімдерімен қамту үшін және қазіргі фермалардағы жүктемені азайту үшін іске қосамыз. Сүт фермаларын салуға 47 млрд 700 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Нәтижесінде 421 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады",- дейді Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері.

Елімізде сүт өнімдерін дайындау жөнінен Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары көш басында тұр. Биыл сүт бағасы 9 пайызға, одан алынатын өнім құны 8 пайызға көтерілген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров