Шымкентте жүк көлігіндегі өртті сөндірген тұрғын марапатталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

facebook.com / beken.konisov

Шымкент қаласының тұрғыны Санжарбек Досназаров "Өртке қарсы қызметке 100 жыл" медалімен марапатталды, деп хабарлайды ЭК.

Ол көшедегі көлік өртін арнайы қызмет мамандары келгенше өшірген.

Еске сала кетейік, 11 маусымда сағат 11:18-де Шымкент қаласында Тәуке хан және Ақпан батыр көшелерінің қиылысында "ЗИЛ" маркалы жүк көлігінің мотор бөлігі мен кабинасы жанған болатын. Өрт 11:28-де ауыздықталып, 11:42-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 2 техника мен 9 адам жұмылдырылды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев жас жігітке алғыс хат табыстап, азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

facebook.com / beken.konisovfacebook.com / beken.konisov
facebook.com / beken.konisov

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров