Әлеуметтік желі арқылы малға азық жинала бастады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Pixabay

Қоғам белсендісі қаржы жинап, Маңғыстауға жем-шөп жібермек, деп хабарлайды ЭК.

Белгілі қоғам белсендісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек желідегі жазбасында Маңғыстау облысында қуаңшылықтан төрт түліктің жұт алдында тұрғанын көзімен көргенін айтып, Оңтүстік халқын асарлатуға шақырды.

"Ал ағайын асарға шақырамын!

Батысқа жем, шөп!

Көп түкірсе көл болады!

Ауыл шаруашылығынан хабары бар інім Сержан Тастанбек, Дидарбектің ұйымдастыруымен каспий голд арқылы жинап, жем шөпті батысқа жіберетін болдық" — деп жазған қоғам белсендісі арнайы шотқа жиналған қаржы жайлы көпшілік алдында да есеп бермек.

Желі арқылы пікір білдірушілер Айгүл Орынбектің бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, ақша аударып жатқандықтарын айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров