Енді Иранның да өз вакцинасы бар

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter.com / IR_Alijahangiri / COVIran

Иран билігі коронавирустық инфекцияға қарсы отандық алғашқы COVIran Barekat вакцинасын шұғыл қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды ЭК. news 18- ге сілтеме жасап.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы алғашқы зерттеулер өткен жылдың желтоқсан айының соңында басталған.

Иранның денсаулық сақтау министрі Саид алдағы аптада Иран мен Куба бірлесіп шығарған тағы бір вакцина елдің вакцина пакетіне қосылатынын айтты.

Сондай-ақ, ол мұндай шұғыл қадамға COVID вакциналарын өзге елден жеткізуге байланысты туындаған қиындықтардың себебінен барғанын да атап өтті.

Ресми Тегеранның айтуынша, АҚШ санкциялары ирандықтардың жаппай вакцинациясиялануына кәдімгідей кері әсерін тигізген.

Естеріңізге сала кетсек, Америка Құрама Штаттары 2018 жылдың мамырынан бері Тегеранға қарсы біржақты санкциялар салып келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров