Әзірбайжан мен Түркия Қарабақты қалпына келтіру туралы келісімге қол қояды

Экспресс К

aa.com

Реджеп Тайип Ердоған мен Ильхам Әлиев Қарабахты қалпына келіру туралы келісімге қол қояды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы түрік телеарналары хабарлады.

Anadolu ақпарат агенттігінің дерегінше, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанды "армян басқыншылығынан 28 жылдан кейін азат етілген" Қарабахтағы Шуше қаласында ресми қарсы алмақ.

Екі ел Президенттерінің құжаттарға қол қою салтанаты да осы қалада өтеді. Салтанатты рәсім аяқталған соң, бірлескен баспасөз конференциясы өтеді деп жоспарланған. Осыдан соң Түркия Президенті Шуше қаласын аралап көреді. Реджеп Тайип Эрдоған Бакуге реми сапармен дүйсенбі күні келген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров