Ресей азаматшасы елімізден 1 млн доллар ұрлаған

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнеден кадр

Ресейде еліміздің Ауыл шарушылығы министрлігінің есеп-шотынан 1 млн доллар мен 40 млн теңге ұрлаған РФ азаматшасы Светлана Киршоваға қатысты сот өтіп жатыр, деп жазады ЭК.

Светлана Киршова Ресейдің Омбы қаласында көкініс сатып жүріп, кейін ақша табу үшін екі сыбайласымен Қазақстанға келеді. Оңай олжаны көздеген ресейлік әйел, бір күндік компаниялар құрып, өзіне ұқсайтын қызды жұмысқа алған. Осылайша Светлана өзгенің атын жамылып, жалған төлқұжатпен Қазақстанда жұмыс істейді. Алдымен 2003 жылы жалған құжатымен қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасып, кейін қызметі жоғарылапты.

Ол өз жоспары бойынша жұмыс істеген. Ақшаны министрліктің есеп-шотынан ұрлап, жалған шотқа аударып, банк арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Кейін жұмысында ақша жоғалу фактісі бойынша тексеріс жұмыстары басталғаннан соң, Ресейге қашып кетіпті. 16 жыл бойына халықаралық іздеуде болып, полиция назарына түспес үшін, ресми түрде жұмысқа орналаспай, атына ештеңе тіркемеген. Осылайша алаяқ Қазақстаннан 1 млн доллар мен 40 млн теңгені алып кеткен.

Айыпталушы 2004 жылдан бері федералды іздеуде болды. Оны полиция қызметкерлері 2020 жылдың желтоқсан айында Белгород аумағында ұстады,

деді Ресей ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасы.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі сотқа 23 млн рубльді қайтару жөнінде арыз түсірген. Светлана Киршова болса РФ ҚК-мен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров