Түркістанда аламан айтыс өтеді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әлеуметтік желіден

16-17 маусым күндері Түркістанда аламан айтыс өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Айтысқа Айбек Қалиев, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Біржан Байтуов, Қажымұхан Абзалов сынды сөз сайыпқырандары қатысады деп күтілуде.

Жалпы, бұл айтысты Түркістан жұртшылығының асыға күтіп отырғаны анық. Себебі, карантин басталғалы жұрт мәдени іс-шаралардан көз жазып қалды.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және "Nur Otan" партиясының қолдауымен өткелі отырған айтысқа кіру тегін. Дегенмен, карантин талаптары да қатаң сақталмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров