Сырттан қарыз алуды доғаруды көздеп отырмыз – Қаржы министрлігі

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның шетелге миллардтаған қарызы жоқ екенін, алдағы уақытта тіптен қарызды алудың үлесін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Қазақстанның сыртқы қарызы 163, 4 млрд АҚШ доллары екені БАҚ беттерінде жиі айтылады. Бүгін күні экономикамыз құлдырап, қайыршылардың саны артып келе жатқаны бәрімізге белгілі. Осы ретте экономикамыздың осылай артқа кетуіне пандемиядан бөлек, басқа қандай себептер бар деп ойлайсыз? ", — деп сұрады журналист министрден.

Өз кезегінде Ерұлан Жамаубаев тәуелсіздік жылдары Қазақстанда бірнеше рет дағдарыс болғанын еске сала кетті.

"2000 жылдардың басындағы дағдарысты білесіздер. Одан кейін 2007 жылғы АҚШ-тағы ипотекалық қарыздан кейін дағдарыс дүниежүзін қамтыды. Бұл Қазақстанды да айналып өтпеді. Сосын мұнай бағасының күрт құлдырауына байланысты 2014 жылғы дағдарыс бар. Ал енді 2020 жылғы жай дағдарыс емес. Бұл коронавируспен қабаттасып кетті. Оңай болмай жатыр. Кәсіпкерлерге де, халыққа да қиынға соқты", — дейді ол.

Министр осы ретте шетелден алынып жатқан қарыз сомасы қауіпсіздік деңгейінен әрі асқан жоқ деп отыр.

"Бұл кәсіпкерлердің бір-бірінен алған қарыздары. Яғни шетелдік кәсіпорындардың өздерінің еншілес компанияларынан алып жүрген қарыздары. Қазақстанның ондай миллардтаған доллар қарызы жоқ. Ал біздің болашақтағы жоспарымызға келсек, шетелден қарыз алуды доғару. Өзіміздің экономикамызды әр тараптандырып, жағдайды түзегіміз келеді", — деді Ерұлан Жамаубаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров