Полицейлер өз өмірін тәуекелге тігіп, адамдарды құтқарды

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

БҚО-да полицейлер аударылған көліктен үш адамды құтқарып үлгерді.

Оқиға бүгін Желаев ауылына жақын жерде болған, деп хабарлайды ЭК Polisia.kz ақпаратына.

Чкалов көшесінің бойында LADA Kalina маркалы көлік аударылған. Сол сәтте патрульдік автомашинамен өтіп бара жатқан БҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарбалинов пен қызмет инспекторы Александр Калиничев оқиға болған жерге дереу барып, көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын машинадан шығарып алыпты.

Сәлден кейін автокөлік жарылып кетті. Полицейлер кез-келген сәтте көлік жарылып, өздерінің де зардап шегуі мүмкін екеніне қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалды.

Батылдық танытып, адамдарды өлімнен арашалау үшін тәуекелге бел буған полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті ерлік пен тең. Сондықтан басшылық атынан ынталандыру қарастырылуда,

деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров