Теріс діни ағым өкілдері 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Атырауда 24 млн теңгенің синтетикалық есірткісін сатпақ болған теріс діни ағым өкілдері ұсталды, деп жазады ЭК

— "Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдікті ұсталды. Олардан синтетикалық есірткі бар зип пакеттеріне оралған 46 түйір табылды. Және кұдіктілердің жалға алып тұрып жатқан пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді, — деді облыстық полиция департаментінің бастағы Қамза Үмбетқалиев.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілер тергеу сотының санкциясымен Атырау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров