Тарихи орынды талқандап кетті

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

Павлодар облысының Баянауыл ауданында бәзбіреулер археологиялық орынның апыр-топырын шығарған, деп хабарлайды ЭК inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Онда қазба жұмыстары жүріп жатқан болатын. Өлкетанушы Марина Каримова қола дәуіріне жататын тарихи тастардың қалай болса солай аударылып жатқанын көріп тиісті орындарға шағымданады.

Кезінде бұл маңда археологтар қазба жұмыстарын жүргізген екен. Нәтижесінде қорым болғанын анықтаған. Ол жерден әшекей, ыдыс сияқты неше түрлі көне жәдігерлерді тапқан.

"Мұнда археологиялық ескерткіштердің кешені жатыр. Туристер жиі келіп, оның терең тарихына үңіледі. Бір өкініштісі тарихи орында мемлекет тарапынан қорғалатын аймақ деген ешқандай жазу жазылмаған. Тіпті ескерту белгілері де қойылмаған. Біз қанша рет айтсақ та, әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр" — дейді Марина Каримова.

Өлкетанушының айтуынша, бұл жерден ашық аспан астындағы музей ұйымдастырып, тарихи орынды қоршап, әлдекімдердің сайран салуына жол берілмеуі керек.

Аталған факт Баянауыл аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров