Барлық жерде бетпердесіз жүруге рұқсат берілді

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Израиль билігі тұрғындарға бүгіннен бастап ел аумағындағы кез-келген орында бетпердесіз жүруге рұқсат берді, деп хабарлайды ЭК.

24.kz-тің жазуынша, қоғамдық орындарда бетперде киіп жүру елдегі коронавирустық пандемияға байланысты енгізілен көптеген шектеулердің соңғысы болатын.

Ел билігі осыдан шамалы уақыт бұрын Израиль халқының 67 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған еді.

Десе де, ресми Тель-Авив әлі күнге дейін елге шетелдіктердің кіруіне қойылған шектеуді алып тастаған жоқ. Бүгінде өзге ел азаматтары бұл елге ерекше отбасылық немесе жұмыс жағдайлары бойынша ғана кіре алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров