Имандылыққа үндейтін кітап жарық көрді


ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы "Ихсан – тәрбие негізі" атты жаңа кітапты көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды ЭК.
Кітап — "Аллаға ихсан", "Тұлғалық ихсан", "Ихсан және қоғам" дейтін үш тараудан тұрады. Онда рухани кемелдікке ұмтылудың жолдары уағыздалады. Сондай-ақ, оқырмандар кітаптан ихсан ілімі жайлы ислам ғұламаларының ой-толғамдарын да оқи алады.


ҚМДБ
— Бұл кітаптан алатын ғибраттар аз емес. Ихсан — әр адамды сабырға кенелдіретін ықылас пен ыждаһат. Тұрақтылық пен тиянақтылық. Аллаға, Құранға, Пайғамбарға деген махаббат, ризалық пен сүйіспеншілік. Нәпсімен күресу жолдарын ұғыну. Рухани тазалыққа бастайтын іңкәрлікті сезіну, — дейді Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.
Кітап 5 мың таралыммен жарық көрді. Жыл соңына дейін оның саны 20 мыңға жететін болады.