Атырауда облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды

Фархат ӘБІЛОВ

© Фархат АБИЛОВ

Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мәслихат депутаты Абзал-Сенбі Самаликовты және 21 адамды жүк пойыздарының цистерналарынан жанар-жағар май ұрлады деген күдікпен қамауға алды, деп жазады ЭК.

Белгілі болғандай, депутат пен тағы 21 адам Мақат ауданына келген жүк пойыздарынан 2020 жылдың 31 маусым мен 31 қазаны аралығында 120 тоннаға жуық жанар-жағар май ұрлап, 20 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 262 және 189 баптарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сот санкциясымен депутат үй қамаққа алынып, 9 адам тергеу изоляторына тоғытылса, қылмыстық топтың қалған мүшелеріне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

43 жастағы депутат Самаликов — Атырау облыстық мәслихатының "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі және Мақат-Атырау локомотив пайдалану депосының бастығы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров