Альварес Головкинмен қолғап түйістіргісі келмейді

Экспресс К

boxingscene.com

"SerEbro EnlosDeportes" YouTube-арнасы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес не үшін отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқанын айтты деп хабарлайды ЭК.

"Канелоның" Головкинге қарсы жұдырықтаспауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, олардың айқасы аяқталды. Екіншіден, мексикалық боксшы жекпе-жек өткізудің мәні жоқ деп санайды. Өйткені екі жекпе-жек арасындағы болған кикілжің үшін Головкинді кешірмеді. Альверес өзін өтірікші, алаяқ деп айтқанына өкпелі", — дейді канал авторы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров