Абайсызда болған автогол қарсыласқа жеңіс сыйлады

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty Images

Еуро-2020-ның F тобының 1-турында кездескен Франция-Германия ұлттық құрамаларының ойыны 1:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Хуммельстің жіберіп алған автоголы қарсыластарының матчты жеңіспен аяқтауына мүмкіндік берді. Жеңіс 2018-жылғы әлем чемпионы Франция командасына жазылды.

Егер сол автогол болмағанда бұл ойында алдыңғы Е тобындағы Испания-Швеция (0:0) нәтижесін қайталауы әбден мүмкін еді.

Есеп 1:0.

Десе де, бұл ең минимальды нәтиже болып саналады.

twitter /uefatwitter /uefa
twitter /uefa

Айтпақшы осы кездесу Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турының соңғы матчы болатын. Бұл бұдан былайғы матчтарда әр топтан шыққан мықтылар бақ сынасуды бастайды деген сөз. Ойын Мюнхен қаласының "Allianz Arena" стадионында өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров