Футбол алаңына парашютпен секіріп түсті

Экспресс К

Globallookpress

Мюнхенде өткен Еуро-2020 чемпионатында ер адам футбол алаңына парашютпен секіріп түсті, деп хабарлайды ЭК

Оқыс оқиға Германия мен Франция командалары арасындағы матч басталар тұста орын алды. Ондағы бейне көріністі журналист Макс Мерилл өзінің Твиттер парақшасына жариялаған.

Ол парашютымен "паук" камераларының сымын үзіп, стадиондағы көрермендерге қарай төніп барып жерге әрең қонады. Парашютте мұнай өнімдерінен бас тартуға шақыратын сөздер жазылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров