Қосшыға қала статусын беру мәселесін үкімет қарайды

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Мұны Целиноград ауданы мен Ақмола облыстық мәслихаты депутттары қолдап отыр, деп "Акмолинская правда" газетіне сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Елордамен іргелес орналасқан Қосшы тұрғындары елді мекенге қала статусын беру бастамасын көтеріп келеді. Қазіргі таңда, тұрғындардың өтініші ҚР Үкіметінің қарауында. Қосшы ауылында қазірдің өзінде 52 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Бұл деректі облыстық көші-қон қызметі растап отыр.

Ашығын айтсақ, еңбек жасындағы қосшылықтардың 80 пайызы астанада жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары үшін 50 шақырымда орналасқан аудан орталығына қатынағаннан гөрі Нұр-Сұлтанға бару тиімді

дейді Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанов.

Қосшы тұрғындары елді мекеннің статусы өзгерсе, жылдар бойы қордаланған инфрқұрлымдық мәселелер оң шешеім табады деген үмітте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров