Атырау облысында үш әуежай салынады

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алдағы жылдары Атырау облысында үш бірдей әуежай салынбақ, деп хабарлайды ЭК.

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары облыстық басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, жеңіл авиация мен жедел жәрдем ұшақтарын қабылдауға жарамды үш әуежай салу жоспарлануда. Олар Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылында, Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында және Құлсары қаласында салынады.

Бұл әуежайлардың құрылысы "Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау — 2020" бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Қазіргі таңда нысандардың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған. Бірінші әуежайдың құрылысы ең шалғайдағы Қызылқоға ауданында басталады.

Биыл Миялы ауданының орталығындағы әуежайдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 72 миллион теңге қарастырылып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров