Түрмеге тыйым салынған затты өткізбек болған ақтөбелік ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі 

Түзеу мекемесінің қоршауынан ішке қарай түйіншіктелген бірнеше затты лақтырмақ болған ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесіҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі

Күдікті қаладағы КА-168/2 түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан ішке қарай түйіншіктелген бірнеше затты лақтыруға тырысқан. Күдіктінің бұл әрекетін облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Ұлттық Ұлан №6655 әскери бөлімінің қызметкерлері байқап қалады. Олар 26 жастағы ақтөбелікті ұстады. Ал үш қаптаманың ішіне 2 ұялы телефон және ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тәрізді затты жасырылған. Күдіктіні тексере келгенде оның бұрын сотталғаны анықталды.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесіҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі

Сондай-ақ КА-168/1 тергеу қапасына аяқ киімнің табанына 2 ұялы телефон және USB шнурды жасырып кіргізбек болған әйел ұсталды. Әйел бұл заттарды қамаудағы күйеуіне жеткізбек болған.

Жыл басынан бері облыстық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды әкелмек болған 19 адамды ұстады. Оның сегізі есірткі заттарын жасырын түрде ішке алып кірмек болған. Заң бұзған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір облыста "Асыра лақтыру" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара кезінде 11 заң бұзушылық анықталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров