Мәжілісте комитеттің жаңа төрағасы сайланды

Экспресс К

© Парламенттің баспасөз қызметі / Арман Қожахмет

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ЭК.

"Ұсынылған кандидат білікті заңгер, осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатыр. Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот–құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті", — деді Нұрлан Нығмутлин.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин комитет төрағалығына депутат Арман Қожахметті ұсынды.

Бұған дейін Мәжілісте Заңнама және сот–құқықтық реформа комитетінің төрағасы экс-депутат Қанат Мусин болған. Ол 2021 жылғы 10 маусымдағы Сенаттың қаулысының негізінде ҚР Жоғары сот судьясы қызметіне сайланды. Осы орайда заңнамаға сәйкес Қ. Мусиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"Қанат Сергейұлы, сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басқарып, көптеген маңызды заңдардың қабылдануына зор үлес қостыңыз. Әрдайым жүктелген міндетті абыроймен атқарып келдіңіз",- деді Нұрлан Нығматулин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров