Атыраудың ауасы неден ластанатыны белгілі болды

Фархат ӘБІЛОВ

© ЭК

Қалада 8-14 маусым аралығында ауадағы ластаушы заттардың шекті мөлшерінің асуы 12 рет тіркелген, деп хабарлайды ЭК.

Тұрғындары ауадағы жағымсыз иіске жиі шағымданғанымен, билік бұл мәселені шеше алмай келеді.

Халықпен есептік кездесуінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің ауасы ең лас 10 қаласын атаған болатын. Көш басында — Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары.

"Барлығымызды негізгі экологиялық проблемала — ауаның ластануы және жер үсті суларының ластануы алаңдатады. Қалдықтарды басқарудың жетілдірілмеген жүйесі, тарихи ластану, көгалдандырудың болмауы ауаның ластануына алып келеді. Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады", — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2,5 миллион тоннаны құраған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров