Дариға Назарбаева Маминге нақты үш сұрақ қойды

Экспресс К

Ашық дереккөз

Депутат Дариға Назарбаева жеке меншік балабақшалар мұғалімдерінің жалақысын көтеруге байланысты Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады, деп хабарлайды ЭК.

Биылғы жылдың 10 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселені көтерген.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметі жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату; шығындарды жабуға мүмкіндігін жасау мақсатында бару фактісінсіз мемлекеттік тапсырысты тапсыру; жалақыға үстемақы төлеу сияқты іс-шаралар қабылдаған.

"Жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері биылғы жылғы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ",- деді Дариға Назарбаева.

Осы ретте депутат Асқар Маминге мынандай нақты үш сауал жолдады:

1. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді?

2. Биылғы қаржы жылында Түркістан және Алматы облыстарынаа қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады ма?

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров