АҚШ-та қазақ күйлері антологиясының тұсаукесері өтті

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

«Аманат» атты жинақ «Сауап» қоғамдық қорының қаражатына шығарылған, деп хабарлайды ЭК аталған қордың ақпаратына сүйене отырып.

Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жинаққа бұрын жарияланбаған 500-ге жуық шығарма енгізілген. Жоба авторлары болашақта бұл игі істі Азия және Еуропа елдерінде де жалғастырмақ ниетте.

Тұсаукесер рәсіміне Вашинтгтон тұрғындары, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілінің қызметкерлері және қазақ диспорасының өкілдері қатысты.

Сонымен, Қазақ күйлері антологиясының таныстырылымы елшіліктің қолдауымен Американың Сан-Франциско, Бостон секілді ірі мегаполистерінде де ұйымдастырылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров