Атырау облысында екі көлік соғысып, жолаушы қаза тапты

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

«Атырау-Индер» тас жолында екі көлік соғысып, соның салдарынан 33 жастағы жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.

15 маусымда сағат 20:30 шамасында Атырау қаласынан шыға берісте "Toyota Hiace" және "ВАЗ 21113" көліктері соғысып, бір адам қаза тапса, екі жолаушы ауыр халде Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Көлік жүргізушілеріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды,

деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз-қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров