Ақтөбеде құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pxhere

«Жилище» тұрғынүй-құрылыс кооперативінің төрағасы сапасыз үй салып, қомақты қаржы жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды, деп хабарлайды ЭК.

Аталған құрылыс компаниясы қаланың "Батыс-2" ықшамауданында көп пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізген. Сараптама жасалған кезде орындалған құрылыс жұмыстарының құны жәбірленушілер салған қаражат сомасынан асып түсіпті.

Осылайша компания басшысы 339 271 871 теңге ақша жымқырған. Бұған қоса құрылыс сапасыз жүргізіліпті. Шарт талаптары мен жоба бұзылған. Құрылыс компаниясының басшысы осыны білген. Сөйте тұра бір мезгілде тапсырыс беруші "Жилище" ТҚК төрағасы және мердігер "CB PROJECT" ЖШС директоры қызметін атқарған. Үйлерді тапсыру, қабылдау жұмыстарын жүргізіпті.

Ақтөбе қалалық №2 соты Қылмыстық Кодекстің "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету" бабы бойынша компания басшысына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот сапасыз салынған құрылыс үшін компания басшысын кінәлі деп тапты. Сөйтіп, оны алты жылға бас бостандығынан айырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров