Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Абылай МАУДАНОВ

Pixabay

16 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі күшейеді,

делінген мекеме өкілдері таратқан ескертуде.

Астықты аймақтағы ахуал биыл жылдағыдан күрделі. Мамыр айының соңғы он күнінде күшіне мінген аптап әлі басылар емес. Ауаның орташа температурасы +29-31оС.

Қазіргі таңда ауылдарда, орман учаскелерінде және ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің, қоқыстың тұтануына байланысты өрттердің саны күрт артқан.

Биылдыққа облыс аумағында 20 орман өрті тіркелді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,5 есе көп. Тілсіз жау 785 гектар аумақты жалмаған. Өрттен келген материалдық залал 6 млн 462 мың теңге.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров