Білімді "Мың бала" мәреге жетті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елімізде ауыл балаларының арасында өткізілген "Мың бала" ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Енді білім додасында жеңімпаз атанған мың оқушы еліміздің жетекші мектептерінде білімдерін жалғастырады және отандық Birge Oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

Бұл білім сайысының ерекшелігі — ауыл балаларының ғана арасында өтетіні. Негізгі мақсаты ауыл мен қала мектептері оқушыларының академиялық білімдері мен қабілеттерінің арасындағы алшақтықты азайту.

Былтыр басталған олимпиадаға 2 жыл ішінде ел мектептерінен 400 мыңнан астам оқушы қатысқан.

Биыл алғаш рет онлайн форматта өткен олимпиадаға 150 мыңға жуық оқушы тіркеліп, I кезеңге 96 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың арасынан 5000 бала финалға шықты.

I кезеңде логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша тест тапсырған оқушылар 400 сұрақтың 368-іне жауап берген. Бұдан ауыл мектептері оқушыларының әлеуеті жеткілікті жоғары деген қорытынды жасауға болады, сондықтан қала және ауыл мектептері оқушыларының арасындағы академиялық білім алшақтығын сапалы түрде қысқарту қажет — деді "Елбасы Академиясы" КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Сапалы білімнің негізін қалауды мақсат еткен Birge Oqý онлайн мектебінде шалғайдағы ауыл мектептерінен 1,5 мыңнан астам қабілетті оқушы білімдерін шыңдап жатқанын айта кету керек. Бұл пилоттық жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры "Ел Үміті" бастамасымен қолға алынған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров