Қазақстанның вакцинация паспортын қай елдер мойындайды?

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды екенін айтты,деп хабарлайды ЭК.

"Бүгінгі таңда үш ел вакцинация паспортын екіжақты форматта мойындау туралы ықылас танытты. Олар: Монғолия, Венгрия және Таиланд. Бұл мемлекеттер паспорттарды өзара мойындау туралы өтінішпен жүгінді. Сонымен қатар , Түркия, Кипр сынды елдер барлық елдің вакцинация паспортын мойындайды" — деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттермен вакцинация паспортын өзара мойындау мәселесін реттеп жатыр.

Алайда бұған қатты сенім арта берудің қажеті жоқ. Себебі, іс жүзінде кез келген елге қолыңда ПТР-тест нәтижесі болса бара аласың. Сол кезде елге емін-еркін кіре аласыз. Осы ретте бұл жерде ешқандай проблема болмауы тиіс",- деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров