Оралда қатардағы жауынгер өзін атып тастады

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Орал қаласындағы әскери бөлімде 20 жастағы сарбаз өзіне қарудан оқ атып, көз жұмды, деп жазады ЭК

"Оқиға 16 маусым күні шамамен таңғы сағат 05.30-да болды. Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517-әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Қ. қарауылда қызмет атқару кезінде бекітілген қарудан иегіне оқ атып, өзін-өзі жаралады. Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлері шұғыл қолданған шараларға қарамастан, қатардағы жауынгерді аман алып қалу мүмкін болмады", — деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2000 жылғы әскери қызметші иек тұсынан оқ жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров