Қызылорда облысында есірткі алқабы анықталды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 180-ші шақырымында есірткі алқабы анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Арнайы операция барысында оқиға орнында 3 азамат құрықталды. Күдіктілердің бәрі — Қызылорда облысының тұрғындары.

Есірткі алқабына 385 түп сора егілген. Сондай-ақ, оқиға орнынан 2 дана темір құтыға салынған кептірілген есірткі заты, сора өсімдігінің тұқымы, тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленген.

Қазір осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Күдіктілер уақытша ұстау қапасына қамалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров