Елімізде 800-ден астам адам коронавируспен екінші рет ауырған

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникация алаңында өткен брифингте коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Өзіңді және жаныңдағы адамдарды қорғау үшін вакцина алған дұрыс. Әсіресе, бірінші кезекте 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар азаматтар екпе алғаны жөн. Біз барлық азаматтарға екпені белсенді түрде алуға кеңес береміз. Қазақстанның әрбір өңірінде, тіпті сауда орталықтарында екпе пункттері ашылған",- деді министр.

Ол Қазақстанға вакцинаны жеткізу келісілген кесте бойынша іске асып жатқанын еске салды.

Осы уақытқа дейін вакцинаның 6,2 млн дозасы өңірлерге жеткізілді. Бүгінгі таңда 2 587 884 адам бірінші дозаны алған.Екінші компонентті 1 480 309 адам салдырды. Қазақстан бойынша 1 млн-нан астам вакцина қалдығы бар,

деді Цой.

Коронавируспен ауырған адам қайта ауырмайды деген дұрыс емес. Еліміз бойынша 800-ден астам адам коронавируспен екінші рет ауырған. Олар вакцина салдырмаған,

деді Цой.

Ол бұл тек Қазақстанда ғана емес өзге де елдерге тән үрдіс. Еуропада және өзге де елдерде мыңдаған адам қайтадан ауырып жатыр деп айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров