Рfizer вакцинасы Қазақстанға қашан келеді?

Экспресс К

kyodo.com

Денсаулық сақтау министрлігі өзге де вакцина түрлерін алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы төрт вакцина бар.

Жалпы төрт вакцина қазірдің өзінде үлкен жетістік болып саналады. Көптеген ел мұндай жетістікке жете алмай отыр. Оған қоса біз өзге де вакцина түрін алу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз, оның ішінде Рfizer вакцинасы да бар,

деді Цой.

Айтуынша, қай вакцина түрімен келіссөз жүргізілсе де, оның құпиялығы туралы келісімшарт жасалады.

Қазіргі уақытта вакциналарды жеткізудің нақты күні туралы мәлімет жоқ. Біз соңғы растаманы күтеміз. Оның ішінде Pfizer де бар,

деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров