Коронавирустың үнділік штаммы біздің елде жоқ - Цой

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстанда коронавирустың үнділік штаммы анықталған жоқ, деп хабарайды ЭК.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда вирустың үнді штаммы табылған жоқ. Біз қазір өзге елдердегі, оның ішінде көрші елдердегі жағдайды қадағалап отырмыз. Сырттан келген адамдарды ПТР-анықтамасыз қабылдамаймыз. Сонымен қатар, уақытында реакция жасау үшін көршілеріміздегі жағдайды бақылап отырмыз", — деді министр.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айының соңында Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі бұл елде коронавирустың жаңа түрі табылғанын хабарлаған еді. Сарапшылардың айтуынша, үнді штаммы вирусқа қарсы вакцинацияланған және ауруға шалдыққандардың иммундық реакциясын 2-3 есе төмендетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров