Елімізде орташа зейнетақы мөлшері есептелді

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін айтты. Ол - 100 019 теңге, деп хабарлайды Экспресс К.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарынан мамырына дейін базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 342,6 млрд теңге, ал орта зейнетақы төлемдеріне 774,8 млрд теңге бөлінді.

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,243 миллионды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2021 жылдың 1 маусымына 100 019 теңгені құрады,

делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға жұмыс өтілі ескеріле отырып жеке тағайындалып келеді. Ал еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасаған еңбек жылдары және міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.

Бұған дейін хабарлағандай, базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді. Мысалы, зейнетақы жүйесіндегі жинағы 10 жыл немесе одан кем болса, зейнетақының мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 54%, ал одан кейінгі 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. 20 жыл бойы зейнетақы жүйесінің қатыстушысы ретінде 74% зейнетақыға қол жеткізсе, 30 жылдық жұмыс өтілімен 94% құрайды. Ал енді 33 жыл немесе одан да көп жұмыс өтілі мен зейнетақы жүйесінде жинағы бар зейнеткерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 % белгіленіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 100 мың теңгені құрады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров