Жастар Жаңақорғанды дүрліктірді

Экспресс К

Бейнеден кадр

15 маусымға қараған түні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жастар жаппай төбелес ұйымдастырып, бұзақылық жасаған, деп хабарлайды ЭК.

Бұзақылық салдарынан автотұрақта тұрған көліктер зақымданып, жақың маңдағы ғимаратта орналасқан дүкендерге материалдық шығын келтірілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған мектеп бітіріп жатқан түлектердің қатысы болуы мүмкін. Десе де, облыстық полиция департаменті бұзақылық жасаған жастардың кімдер екені туралы нақты ақпарат бермеді. Бірақ жедел шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғындары анықталып, жергілікті полиция бөліміне жеткізілген айтты.

"10 азамат ұсталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарақат алғандар жоқ. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, яғни бұзақылық жасау бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде", — деп мәлімдеді ОПД өкілі.

Жаппай тәртіпсіздік туралы бейнежазбалар мессенджер арқылы тарап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров