Еліміздің ең үздік бес университеті анықталды

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

5 жоғарғы оқу орны студенттердің үлгерімі бойынша ең үздік болып танылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы екі жылда елімізде ұлттық және мемлекеттік университеттердің 800-ден астам студенттері халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары атанған. Олардың қатарында Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарағанды ​​техникалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің шәкірттері бар. Жалпы, осы аталған 5 оқу орны, студенттердің үлгерімі бойынша ең үздік 5 мемлекеттік университет деп танылып отыр. Олардың жетістіктеріне тоқталар болсақ:

Биыл ЕҰУ-дің 87 студенті бүкілресейлік Л.Н. Гумилев IV олимпиадасында және желілік технологиялар бойынша CISCO STARS-2019 халықаралық олимпиадасында, 2019-2020 жылдардағы Еуразиядағы Huawei АКТ жарыстарының аймақтық финалында жүлделі орындарға ие болған.

Сонымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық олимпиадаларда жақсы білімдерін көрсетіп келеді. Университет студенттері POSCO (Корея), Хейва Накаджима Қоры (Жапония), MOPGA (Франция) сынды халықаралық қорлардың стипендиаттары атанған. Сонымен қатар Erasmus, DORA секілді халықаралық гранттардың иегерлері болды.

Ал, Абай атындағы ҚазҰПУ шәкірттері 2020 жылы педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен халықаралық олимпиадада жаратылыстану ғылымдары бойынша жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар,

Аймақтардағы жоғары оқу орындарының студенттері де халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Мәселен, Қарағанды ​​техникалық университетінің студенттері "Terricone Valley IT-WEEK.KZ 2019" халықаралық форумының хакатонында бірінші орынды иеленді.

Студенттерінің жетістіктері бойынша алдыңғы 5 университетті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті түйіндейді. Бұл оу орнының 50-ден астам шәкірті халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Жалпы алғанда еліміздегі әртүрлі оқу орындарында білім алып жүрген 800-дей жастарымыз түрлі халықаралық білім сайыстарында жоғары жетістіктерге жетіп жүр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров