Оралда ата-аналар лицей ғимаратының сатылуына наразы

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© ЭК

Оралдағы "Білім инновация" лицей-интернаты енді жекеге өтпек. Ал лицей оқушылары енді туберкулезге шалдыққандарға арналған санаторийлік мектепте оқиды, деп хабарлайды ЭК.

"Бұл лицей қала сыртында орналасқан, оқу ғимаратының аумағы үлкен және шығындар көп. Мұндағы орын 200 адамға есептелгенімен 239 оқушы оқып жатыр. Ал егер бұрынғы санаторлық -курорттық мектеп ғимаратына ауыстырсақ, тағы да 200 баланы қабылдауға мүмкіндік болады" — деді БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева.

Алайда басқарманың бұл шешімімен ата-аналар келіспейді. Олардың барлығы балаларды басқа ғимаратқа ауыстыруға қарсы. Бұған ешқандай себеп жоқ, балалары оқитын лицей аумағы жай бизнес үшін қолайлы болғандықтан жеке қолға беріледі деп есептейді.

"Біз ол жаққа бармаймыз! Қолда барды сақтайық. Біздің балалар осында оқиды, бізде ата-аналар комитеті бар, ғимаратты ауыстыру туралы бізді хабардар қылған да жоқ. Біз БАҚ-тан білдік. Ал енді жөндеу жұмыстарына ақша жинауға, жатақханадағы шатырды жөндеуге және жабуға ата-аналар, бұған дейін де өз еркімізбен әр ата-ана 10 мың теңге бердік", — дейді ата-ананың бірі Гуля Сүлейменова.

Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы облыстық санаторийлік-курорттық мектеп туберкулез диагнозы қойылған немесе науқастармен тығыз байланыста болған балаларды оқытатынын айта кету керек. Алайда дәрігерлердің айтуынша, балалар инфекциялық топқа жатпайды, олардың дені сау. Енді бұл мектеп жабылады, себебі оқушылар саны жыл сайын азайып келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров