Цой Біртановтың адвокатының соттағы мәлімдемесіне жауап берді

Экспресс К

Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановтың адвокатының мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ЭК.

8 маусымда экс-министр Елжан Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев қажетті дәлелдерді жинау кезінде Денсаулық сақтау министрлігі кедергі жасағанын мәлімдеме жасаған болатын. Қорғаушы әкімшілік соттың шешімімен ведомствоға айыппұл салынғанын айтқан еді. Оның айтуынша, әкімшілік соттың шешімімен экс-министрге қатысты сұратқан құжаттарды уақытында бермегені үшін ведомствоға 40 812 теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Министрлікке ешқандай айыппұл салынған жоқ. Себебі, біздің ведомство қарсы шағым берді. Ал сот шешімі заңды күшіне енбеді. Барлық дерлік негізгі құжаттар тергеу аясында алынды. Сол себепті біз физикалық түрде құжаттарды ұсына алмаймыз, өйткені министрлікте көбінің көшірмесі жоқ. Басқа құқық қорғау органдары да осындай өтінішпен келсе, оларға да бүкіл құжат қолымызда жоқ екенін айтамыз",- деді Алексей Цой.

Экс министр Елжан Біртановты үйқамаққа ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылғанын еске сала кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров