«IQanat» мектебі тағы да карантин талабын бұзды

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

facebook.com / dsek.akmola

«IQanat High School of Burabay» мектебі түлектердің қоштасу кешінде карантин талаптарын ескермеген, - деп хабарлайды ЭК Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша өңірдің санитарлық қызмет мамандары ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырып, мектепті жазаға тартты. Сөйтіп, мектепке 230 АЕК (670910теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

facebook.com / dsek.akmolafacebook.com / dsek.akmola
facebook.com / dsek.akmola

Айта кетейік, республикалық мектеп бұған дейін де санитарлық талапты сақтамауына байланысты дауға іліккен. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен мектептің ашылу салтанатында тиісті талаптың сақталмауын әлеуметтік желі қолданушылары сынаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров