Екі мыңға жуық жұмысшыға жалақы қарызы төленді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шымкентте 151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары қайтарылған, деп хабарлайды ЭК.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 76 тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталған. Солар үшін 4,1 млн теңге көлемінде 23 әкімшілік айыппұл салынып, 2,7 млн теңге айыппұл өндірілген.

"Мемлекеттік еңбек инспекторларымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1959 жұмысшының 151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмысшылардың әлеуметтік құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 12 жазатайым оқиға тіркелді. Жалпы 19 адам зардап шекті. Оның ішінде 11 жұмысшы ауыр жарақат алса, 7 адам жеңіл жарақаттанған. Өкінішке орай 1 адам қайтыс болды. Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, полиция департаменті мен басқармаларға жолданды", — деді Мақсұт Исахов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров