Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай қайта қонды

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ көп ұзамай кері қайтып, Елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға бүгін түстен кейін болған. Әуе кемесі FlyArystan компаниясына тиесілі. Ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі де растады.

"А320 ұшағы Алматы әуежайынан сағат 14.34-те көтерілді. Алайда кейінірек борт техникалық себептерге байланысты біздің Нұр-Сұлтандағы әуежайға қайта оралды. Ұшақ ауыстырылады.Қайта ұшу 19.10-да жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл рейс 23.40-қа дейін кешіктірілді"- деді әуежай өкілі.

Ал FlyArystan әуе компаниясы бұл мәселеге байланысты әзірге ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров