Түркістанда "Индиго-24" қаржы пирамидасына 2500 астам адам алданған

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Жақын күндері іс сотта қаралады – деп хабарлайды ЭК.

Жарты жылдан астам уақыт тергелген қылмыстық іс бойынша 26 адам күдікті деп танылып, 1 адамға халықаралық іздеу жарияланды. Жәбірленушілерге 2,5 миллиардқа жуық теңге шығын келген.

"Интернеттегі алаяқтар тер төкпей, үлкен табысқа кенелуге уәде береді. Күмәнді ресурстарға жеке мәлімет сұрап, хат жолдауын өтінеді. Мұндай "бақыт хаттары" бейтаныс адамдардан пошта арқылы келетін алдамшы ұсыныстар. Қазіргі уақытта интернет желісінде күнде алаяқтықтың сан түрі шығып жатыр. Атап айтқанда, онлайн-сатып алу саласында, төлем картасымен, онлайн кредит беру саласында, телефон қоңыраулары мен SMS-хабарламаларды пайдалана отырып ақша қаражатын ұрлау жиілеген", — дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Жалпы жыл басынан бері 235 интернет-алаяқтық қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Өңірде онлайн сауда, онлайн несие рәсімдеу дерегі жиілеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров