Жаңақорғандағы бүлік: әскерден келген екі жігіт қызға таласқан (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жасөспірімдердің ерегісі жаппай төбелеске ұласқан болатын. Даудың басы әскерден қайтқан екі жігіттің қызға таласуынан басталған, деп хабарлайды ЭК

Түн ортасында тұрғындарды әбіргерге салған жастар бір-біріне тас атқылап, көпшіліктің берекесін алған бейне жазба әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын.

Қызылорда ОПД ресми мәліметіне сәйкес жанжал әскерден туған жеріне келе жатқан екі сарбаздың поезд ішіндегі ерегесінен басталған. Олар бір қызға таласып қалып, екеуі де достарын көмекке шақырады. Осылайша серілер мәселені топтық төбелеспен шешпек болыпты.

Салдарынан сол маңда тұрған көліктер мен жол бойындағы дүкендердің терезелері сынған. Зардап шеккендер жоқ. Ал материалдық шығын көлемі әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров