Атырауда жоғалған бала вокзал маңынан табылды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Жоғалған баланы Атырау Теміржол вокзалы маңында орналасқан құрылыс дүкенінің ішінен тапты, деп хабарлайды ЭК.

15 маусым күні сағат 12:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасына 42 жастаға қала тұрғыны хабарласып, 9 жастағы ұлының жоғалып кеткендігін айтқан.

"Хабарламаны тексеру барысында, Жедел басқару орталығының қызметкерлері мен еріктілер тобы бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған баланы Атырау Теміржол вокзалы маңында орналасқан құрылыс дүкенінің ішінен тапты",- деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз-қызметі.

Өз кезегінде Атырау қаласы Полиция басқармасы ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров